"Ертіс" қайда барасың

30.08.2011, 16:36
"Ертіс" қайда барасың
Ел біріншілігінің 25-турында "Ертіс" "Астана" клубынан 1-5 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Бұл "Ертістің" осы маусымдағы 6-шы  ірі жеңілісі болды. Ал енді, аталмыш клубтың бұрынғы маусымдардағы есеп-қисаптарына назар аударайық. Төмендегі статистикаға қарап отырсақ, "Ертіс" күшею орнына әлсіреп бара жатқан сыңайлы. Әр маусымдағы ірі жеңілісі: 1. 2011 жыл — 6 жеңіліс (25 ойын); 2. 2010 жыл — 3 жеңіліс (32ойын); 3. 2000жыл — 2 жеңіліс (28 ойын); 4. 2001 жыл — 2 жеңіліс (32ойын); 5. 2003 жыл— 2 жеңіліс (32 ойын). 10 маусымды (1992, 1994, 1995, 1997, 1998, 1999, 2002, 2004, 2008, 2009) "Ертіс"  клубы ірі жеңіліссіз өткізіпті. Тек 2003-жылы 2 -рет техникалық жеңілген болатын. Әр маусымдағы жеңілісі: 1. 2009жыл — 13 жеңіліс (26 ойын); 2. 2011 жыл— 10 жеңіліс (25 ойын); 3. 2007 жыл — 10 жеңіліс (30ойын); 4. 1995 жыл — 9 жеңіліс (30 ойын); 5. 2005 жыл— 9 жеңіліс (30 ойын); 6. 2006 жыл  — 9 жеңіліс (30 ойын). Автор: Думан Балықбаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×