Қабылданған құжатта «ERTIS» футбол клубының Қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысында клуб тарапынан қаржы және спорттық міндеттемелерді орындай алмайтындығына байланысты 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысуға бас тартуға шешім қабылдағаны туралы жазылған.
Түскен өтінішке байланысты «ERTIS» футбол клубы Чемпионатқа қатысушылар тізімінен шығарылады.
2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатыны Регламентінің 4.18 пунктіне сәйкес егер де Чемпионаттан шығарылған клубтың командасы аталған Чемпионатта 22 ойыннан кем кездесулер өткізсе (1-ші және 2-ші айналымды аяқтамаса), оның барлық нәтижелері жойылады. Сонымен қатар «ERTIS» клубының бас командасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысуға бас тартқаны үшін клубтың жастар командасы Екінші лига командалары арасындағы біріншілікке қатыса алмайды.
«ERTIS» футбол клубының барлық ойындары Чемпионаттың жаңартылған күнтізбесінен алынып тасталады.
Біздің серіктес: FONBET