Левандовский неге «Алтын бутсы» алмайды?

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
31.05.2020, 21:49
Гол машинаға тоқтау жоқ. Соғып жатыр голды, соғып жатыр.
Левандовский неге «Алтын бутсы» алмайды?

"Бавария" "Фортунаны" 5:0 қылды да, екі рекорд жаңартты. Біріншісі бундеслигада барлық қарсыласына гол соққан клуб атанды. Екіншісі 29-турдың ішінде 86 гол салды. Мұндай рекордтты олар 46 жыл бұрын жасаған екен. Ол кезде 29-турда 84 гол салыпты. Сосын, Роберт Левандовский бір маусымда соғатын голдарының санын асырып тастады.

43 гол! Бұл Топ 5 лигалардың шабуылшыларының қолынан келе бермейтін нәтиже. Тек 10 шабуылшы ғана осы статистикаға жеткен. Ал Роберт 2016/17 жылғы маусымда да осындай нәтиже тіркеген. Ол лигада 30 гол, кубокта 5 гол, Чемпиондар лигасында 8 гол салды. Сондықтан да, Робертті соңғы 10 жылдықтың үздік шабуылшысы деуге толық негіз бар.

Осы жақында ғана польяктан "Үздік 5 шабуылшыны" атаңыз деген кезде: - Бензема, Агуэро, Вернер, Суарес, Мбаппе - деп жауап қатты. Өзін бұл тізімге қоспады. Бірақ, аталған 5 шабуылшының біреуі де Роберттің көрсеткішіне маңайлай алмады. Польша құрамасының сұрмергені әр маусым сайын 40 тан асырып гол соғып жүр. 43, 43, 41, 40. Алдыңғы төрт маусымды ол осындай көрсеткішпен аяқтаған. Ал Левандовскийдің биылғы маусымда ойнамаған әлі 5 ойыны бар. Сосын кубокта кем дегенде бір матч. "Бавария" күтпеген жерден жеңіліп қалмаса, кубоктағы ойындар одан да көп болады. Сосын, болып қалуы мүмкін Чемпиондар лигасын қосыңыз. Демек, Лева әлі 50 деген гроссмейстерлік межеге де қол созуы мүмкін.

"Алтын бутсы" марапатын алу үшін талас қызу болып тұр. Роберт қазір "Лацио" шабуылшысы Чиро Иммобиледен небәрі 2 допқа озды. Поляк бұл жолы да номинациядан құр қалатын сияқты. Себебі, Робертте 5 ойын қалса, Чирода әлі бақандай 12 матч бар. Ал бұл таласта ол үнемі Месси мен Суарестен кейінгі орынды иемденетін. Биыл Месси 20 голға да жеткен жоқ, ал Суарес мүлде Еуропаның үздік 50 шабуылшысының қатарына кіре алмай тұр.

Кезінде Роберт "Боруссия" Дортмундта білгенін істеп жүрді. Голды қарша борататын. Сосын "Реалға" ауысуды армандады. Бірақ, "Бавариямен" бірге рекордттар жаңартуда. Кім білсін, Левандовский тұрақты гол соғуын АПЛ мен Ла-лигада жалғастыруы да мүмкін ғой?!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×