«ERTIS» Қазақстан Чемпионатына қатысуын тоқтатты

31.05.2020, 21:48
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мекеме басшылығына «ERTIS» футбол клубы атынан түскен өтініш туралы хабарлайды.
«ERTIS» Қазақстан Чемпионатына қатысуын тоқтатты

Қабылданған құжатта «ERTIS» футбол клубының Қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысында клуб тарапынан қаржы және спорттық міндеттемелерді орындай алмайтындығына байланысты 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысуға бас тартуға шешім қабылдағаны туралы жазылған.

Түскен өтінішке байланысты «ERTIS» футбол клубы Чемпионатқа қатысушылар тізімінен шығарылады.

2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатыны Регламентінің 4.18 пунктіне сәйкес егер де Чемпионаттан шығарылған клубтың командасы аталған Чемпионатта 22 ойыннан кем кездесулер өткізсе (1-ші және 2-ші айналымды аяқтамаса), оның барлық нәтижелері жойылады. Сонымен қатар «ERTIS» клубының бас командасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысуға бас тартқаны үшін клубтың жастар командасы Екінші лига командалары арасындағы біріншілікке қатыса алмайды.

«ERTIS» футбол клубының барлық ойындары Чемпионаттың жаңартылған күнтізбесінен алынып тасталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×