Бұған себеп – жуырда «Ertis» клубына бас бапкер болып тағайындалған Ринат Алюетовтің жаңа қызметі.
2024 жылғы маусымда Ринат Алюетов Түркістандағы «Тұран» командасын басқарған болатын. Маусым қорытындысы бойынша команда Премьер-лигада 12-орынға тұрақтаған еді. Содан кейін бапкер мен клуб арасындағы келісім-шарт маусым соңында аяқталып, екі тарап оны ұзартпау туралы шешімге келген.
Бүгінде Бірінші лигада өнер көрсетіп жатқан «Ertis» алдағы маусымда Премьер-лигаға жолдама алуды мақсат етіп отыр. Команданың бұл мақсатына жету жолында тәжірибелі бапкер Ринат Алюетовке сенім артылды.
Осы ретте, бапкердің бұрынғы командасынан бірнеше ойыншыны өзімен бірге алып келуі әбден мүмкін.