«Тұранның» жолында садаға кетсін? Түркістан облысының басшылығы аймақтағы барлық командаларды жапқалы жатыр екен

16.06.2025, 16:52

«Kazakh_football_inside» телеграм-арнасының мәлімдеуінше, жақын арада Түркістандағы бірнеше футбол клубы таратылуы ықтимал.

«Тұранның» жолында садаға кетсін? Түркістан облысының басшылығы аймақтағы барлық командаларды жапқалы жатыр екен
"Тұран" - "Жеңіс" кездесуі

Бұл аймақтың бас командасы «Тұранды» қаржылық қиындықтан шығаруға бағытталған шешім болуы мүмкін делінген арнаның жазбасында. Айта кетейік, маусымды сәтті бастаған түркістандық ұжым соңғы кездері жеңілістен көз ашпай кетті – соңғы төрт турда 0 ұпай. БАҚ-та команда бас бапкері Виталий Жуковский мен оның көмекшілері қызметінен кетеді деген ақпарат тарады. Беларусь маманы өзінің бұрынғы клубы «Атырауға» оралады деген әңгімелер де айтылған.

Дәл қазір «Тұран» премьер-лиганың 12 турынан кейін он бір ұпаймен 10-орынға жайғасқан. Өткен сенбіде түркістандықтар өз алаңында «Жеңістен» жеңілді 0:2. «Тұраннан» бөлек өңірдің намысын Бірінші лигада «Түркістан» командасы қорғайды. Сондай-ақ, Екінші лигада Түркістан атынан «Тұран Ж» командасы да өнер көрсетеді.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×