«Қайрат» ақыры бас бапкерін ауыстыра ма? Алматылық клуб танымал маманға көз тігіпті

16.06.2025, 14:58

«KazFootball.kz» мәлімдеуінше, алматылық «Қайратқа» ресейлік бапкер Леонид Слуцкий бас бапкер болып тағайындалуы ықтимал.

«Қайрат» ақыры бас бапкерін ауыстыра ма? Алматылық клуб танымал маманға көз тігіпті
Леонид Слуцкий

«Қайрат» Қазақстан Кубогінде «Ордабасыдан» ұтылып қалды (0:1), сондай-ақ, Премьер-лигада «Оқжетпестен» (1:2) және «Елімайдан» (0:1) жеңіліп, «Жетісумен» тең тарқасты (2:2). Алдағы уақытта команданың ойыны мен нәтижесі дұрысталмаса, алматылық клуб басшылығы жаңа бапкер қарастырмақ. Кандидаттың бірі ретінде ресейлік танымал жаттықтырушы Леонид Слуцкийдің есімін айтуға болады.

Қазір ресейлік маман қытайлық «Шанхай Шеньхуа» командасын жаттықтырады. Оған дейін қазанның «Рубині», мәскеулік «ЦСКА», нидерландылық «Витесс», англиялық «Халл Сити» және тағы басқа да клубтарды тізгіндеген”, – делінген порталдың жазбасында. 

«Қайрат» ҚПЛ-2025-те 12 турдан кейін 27 ұпаймен екінші сатыда келеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×