
Григорий Бабаян «Астана» - «Оқжетпес» арасындағы кездесуді қортындылап, ойын ортаға салды.
Кеше премьер-лиганың орталық ойындарының бірінде елордалық клуб «Оқжетпестен» жеңісті жұлып алған болатын 5:2. «Астана» тартысты матчтың басында 0:2-мен жеңіліп жатып, камбэк жасап кетті.
«Ұзақ үзілістен кейін бірден ойынға қосылудың өте маңызды болатыны кездесудің алдында көп айтылған. Бірақ, алғашқы 20 минутта ұлттық құрамалар ойыншылары алаңда жүрмегендей сезілді. Білмеймін, бәлкім біреу тартысқа толы кездесу күткен шығар, алайда мен оны қаламадым. 26-шы минутта 0:2 есебімен жеңіліп жаттық. Ол голдар соғылған кезде біз қателікке бой алдырып, қарсыластың жолы болып кеткен. Бірақ алғашқы 15 минуттағы ойынымыз өте нашар болды. Бақытымызға орай, ойынды қайта қолға алып, керемет он минут бердік - өте қиын әрі әдемі голдар соқтық. Бірінші таймда-ақ, ойынды өз қолымызға алдық. Екінші таймды жақсы бастадық, төртінші голды соқтық, бірақ содан кейін тағы да футбол ойнауды қойдық. Қарсыласта 2-3 мүмкіндік болды - бұлай ойнауға болмайды. Тактиканы өзгертуге тура келді: қапталдарды жауып, 3-4-3 ойын жүйесіне көштік, соңында бесінші голды соғып, ойынды тыныштандырдық. Жеңіске жеткеніміз жақсы. Бұл турнирлік тұрғыда маңызды, өйткені қарсыластарымыз ұпай жоғалтты. Команданы және жанкүйерлерді құттықтаймын. Фанаттар үшін қызықты матч, бірақ алғашқы 20 минут жаттықтырушылар штабының көңілінен шыққан жоқ», - деді Г. Бабаян клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
ҚПЛ-дің 12-турынан кейін «Астана» жеке дара көш бастады. Елордалық клуб еншісінде 30 ұпай. Екінші – «Қайрат». Үздік үштікті «Ақтөбе» түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET