Гарначо мансабын қайда жалғастырғысы келетіні белгілі болды

16.06.2025, 13:30

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Алехандро Гарначо клубтан кетуді көздеп отыр, бірақ Ағлышын Премьер лигасында қалғысы келеді.

Гарначо мансабын қайда жалғастырғысы келетіні белгілі болды

Дереккөздің мәліметінше, Аргентиналық ойыншыға "Байер” қызығушылық танытып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл команданы жуырда “Қызыл сойқандардың” бұрынғы бас бапкері Эрик тен Хаг басқаруға кіріскен болатын. Дегенмен, Гарначо тек АПЛ нұсқаларын қарастырып жатыр.

Өткен маусымда Алехандро барлық турнирде 58 матч өткізіп, 11 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Оның командамен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны €45 миллион.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×