
Мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих командаласы, Лерой Саненің "Галатасарайға" ауысуына қатысты пікір білдірді. Түркиялық клуб Санемен үш жылдық келісімшартқа қол қойғанын 12 маусым күні жариялады.
“Саненің бұл шешімін алдын ала байқауға болатын еді, ойыншы мен клуб арасында бәрі жақсы болмаған сияқты. Бірақ оның Түркияға баратыны мен үшін күтпеген жаңалық болды. Шынымды айтсам, бұлай боларын ойламадым. Дегенмен, ол артынан, бұл дұрыс шешім болды деп айтады деп үміттенемін." — деді Киммихтің Sport Bild басылымында.
Айта кетейік, Сане клубтық әлем чемпионатында "Бавария” сапында өнер көрсете алады. Оның Мюнхендік клубпен келісімшарты 2025 жылғы 30 маусымға дейін жарамды. 2024/2025 жылғы маусымда 29 жастағы Сане Бундеслигада 30 матч өткізіп, 11 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET