ЕРТІСТІҢ ҚОС ЖЕҢІСІ

24.01.2012, 19:41
ЕРТІСТІҢ ҚОС ЖЕҢІСІ

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан жергілікті «Ертіс» аталмыш мемлекеттің үшінші дивизионында өнер көрсететін жергілікті клубтардың бірімен күш сынасып, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде Сергей Струков хет-триктің авторы атанса, Глеб Мальцев қос голды өз еншісіне жазды. Сондай-ақ, Виталий Головешкин де мергендігімен көзге түсті. Бұл туралы «Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осыдан екі күн бұрын Талғат Байсуфинов жігіттері жергілікті «GMG» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен басым түсті. Павлодарлық клубтың сапынан Константин Заречный, Тимур Байжанов, Виталий Головешкин қарсыластар қақпасынан саңылау тапты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Жарайсыңдар, жігіттер!
Серіктес жаңалықтары
×