Жарайсыңдар, жігіттер!

24.01.2012, 19:37
Жарайсыңдар, жігіттер!

«Іле-Сәулет» футбол клубы осыдан 11 жыл бұрын құрылған болатын. Содан бергі кезеңде талай белестерді бағындырып үлгерді. Бастапқыда ауыл арасындағы жарыстарға қатысып, доп тебудің қыры мен сырын үйренсе, бертін келе аудандық, облыстық жарыстарда күш сынасып, талай-талай жүлделерді қанжығасына байлады. Ал соңғы жылдары республика чемпионатына қатысып, бақтарын сынауда. Осынау аталмыш футбол клубына әу бастан-ақ аудандық сәулет басқармасының қызметкері Б.Сәлімбаев жетекшілік жасап келеді. Оның айтуынша, аудан әкімдігі командаға жан-жақты қолдау көрсетуде. Бүгінде олардың өзіне тән, команда толық құрамымен еліміздің түкпір-түкпіріне емін-еркін бара алатын үлкен жолаушылар тасымалына арналған автокөлікке ие. Оның өзі жігіттердің намысын жани түсуде. Бүгінде команда құрамындағы 25 ойыншының мақсат-мүддесі бір арнаға тоғысқан. Әсіресе, биылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы чемпионатында 1 лига командалары арасындағы бәсекеде Ж.Оразалиев, С.Турабаев, С.Киров, В.Иванов, Е.Нұржанов, ең жас ойыншы Ә.Сауранбаев ерекше көзге түсті. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ең соңғы ойын Теміртау қаласында «Болат-Теміртау» командасымен өткен болатын. Нәтижесінде жергілікті команданы 1:0 есебімен ұтып, жалпы қорытындыда 59 ұпай жинап, қола медаль жүлдегері атанды. Жарайсыңдар, жігіттер!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Монако сапары
Келесі жаңалық
ЕРТІСТІҢ ҚОС ЖЕҢІСІ
Серіктес жаңалықтары
×