Есептен емес, есеппен!

13.06.2011, 19:50
Есептен емес, есеппен!

Еуропа Чемпионаты-2013 іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы (U-21) дебюттік матчқа шығып, Румыниялық құрдастарымен тең түсті.Дәл осы күні еліміздің бірінші командасы Астана қаласында Әзербайжан құрамасын 2:1 есебімен жеңген. Сөйтіп жастар құрамасының сәтті сапары осынау жеңісті тартыстың көлеңкесінде байқалмай қалғандай болды. Дегенмен Румынияда қол жеткізген жекпе-жек біз үшін «үлкендердің» жеңісінен аз мәртебе емес. Біз осы үзілісті толықтырып, сіздерді румын қаласы Таргу-Муреш сапарымен толықтай таныстырмақпыз. Алдымен әңгімені Слободан Крчмаревич пен оның командасының 3 күн құрам жасақтап, Амстердам арқылы Румынияның астанасына сапар шеккенінен басталық. Жастарымыз Бухарестке 30 мамыр күні Астана уақытымен сағат 20:00-де жетті. Барлық жағдайы жасалған қонақүйге орналасқан соң, команда жеңілдетілген режимдегі жаттығулар жасауға кетті. Қонақүйде қалпына келтіру жаттығулары да жасалды. Осылар үшін бес жұлдызды қонақүйде барлық жағдайлар арнайы жасалғанын айта кету керек. 31 мамыр мен 1 маусымда команда Бухаресттің жақсы алаңдарында бір реттік жаттығуларын жалғастыра берді. 1 маусымда Қазақстан жастар құрамасы Таргу-Мурешке елу минут ішінде ұшып барды, айта кетерлігі, румындықтар Бухаресттен автобусқа отырып, жолдың нашарлығынан алты сағаттық сапар шекті. Эмиль Сандойдың шәкірттеріне қазақстандықтар алып қойған авиабилеттер жетпей қалыпты. Қазақстандық футболистер шағын қонақүйге орналасқаны да екінші команданың дайындығынан ерекшеледі, өйткені ол қонақүйде ойыншылардан өзгені қабылдамады. Яғни, тыныш даярлануға мүмкіндік болды. Румындықтар болса үлкен қонақүйге жайланып, оларға журналистер тыныштық бермей, жүйкелеріне тиді. Олардың жанкүйерлері қарсыластарын топтық анық аутсайдері деп санап, ірі есеппен ұтып шығуын талап етті. Дегенмен әлі ешқандай матч өтпеген, яғни фавориттер мен аутсайдерлерді анықтауға әлі ертерек еді.

Слободан Крчмаревич, керісінше, ойыншылардың қысым астына қалуынан барынша қорғауға, ойын басталмай қызып кетпеуіне тырысты. 2 маусымда командамыз ойын алды дайындығын жасап, өкінішке орай, бұған кішкене зақым алған «Восток» қорғаушысы Михаил Габышев пен «Тараздың» хавбек Бауыржан Байтана қатынаса алмады.

БАҚ-тың әрбір жиылысында Қазақстан қақпасына 3-5 гол соғамыз деп қоймаған румындықтар ойынынан жаңылды. Командамыздың аға бапкері Слободан Крчмаревич өз шәкірттеріне румындық журналистердің жорамалдарын жоққа шығару үшін ойын барысын өз қолымызға алып, қазақстандық футболды жасап, оны барлығының сыйлап, есептесуі өз қолдарында тұрғанын айтып түсіндіргені ойыншыларға қанат бітірді. Жастар матч барысында 200 пайыздық ойын көрсетті. 3 маусым – матч күні. Бірінші рет біздің команда 4-1-4-1 жүйесінде ойнап, онда басты роль стоппер Евгению Азаматовқа, сондай-ақ екі орталық жартылай қорғаушы - Бауыржан Исламхан мен Асхат Тағыбергенге берілді. Олардың басты міндеті – орталықты мықты ұстап, алаң иелеріне шабуылды орталықтан бастауына мүмкіндік бермеу. бұндай сызбада негізгі міндет – өз алаңында ойнап жүрген мықты ойыншыны жібермеу. Қосымша, жоғары темпте қарсы шабуылдар жасау. При этом, остро контратаковать в высоком темпе. 90 минуттың соңында біздің жастардың ойға алғаны орындалды деп батыл қорытынды жасауға болды. Алғашқы 10 минут қазақстандықтардың еншісінде болды, олар допқа еркін ие болып қана қоймай, жақсы шабуылдар да ұйымдастырды. Кейін алаң иелері инициативаны өз қолдарына ала бастады. Бірақ бүкіл ойын бойынша тек 3-4 шынайы қауіпті сәт жасай алды. Қақпашы Самат Отарбаев пен оң қорғаушы Саят Сариевтің ақаулықтарының нтижесінде екінші таймда ең қауіпті сәтті тудырып, алаң иелері форварды пенальти орындаған болатын. Дегенмен, румындықтардың бас жұлдызы, миландық «Интерден» Денис Алибектің соққысы онша дәл шықпады. Қазақстандықтар басты гол соғу мүмкіндігін матч соңына таман жоғалтып алды. Денис Прокопенко алаң иелері голкиперімен жеке келіп, мүмкіндігін оңды пайдалана алмады. Қазақстандық ойыншылардың алаңдағы және жаттығу кезіндегі темір тәртібі осындай сәтті қорытындыға алып келді. Слободан Крчмаревич өзіне керекті ойыншыларды құрамында Қанат Мұсатаев, Небойша Топалов және Ненад Лукич бар бапкерлік штабпен қосып алды. Айтпақшы, соңғы екеуі Крчмаревич Сербия жастар командасын Европа Чемпионаты-2008 финалдық матчына алып шыққанда, оның көмекшілері болған еді. Команданың басты ұраны: «Қорғаныста тәртіп – шабуылда талант». Және командадан біреуді бөліп қарастыру қиын, барлығы ұжым мүшесі ретінде ойнап, өзіне және серіктесіне көмектесуге тырысты. Осындай матчтардан соң, өз күшімізге сенім туады. Енді ешкім Қазақстан командасын анық аутсайдер ретінде атай алмасы анық.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.387
Ничья
5.25
П2
8.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.967
Ничья
3.91
П2
3.82
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.978
Ничья
3.875
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.508
Ничья
4.89
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.105
Ничья
3.585
П2
2.353
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.364
Ничья
3.85
П2
2.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.485
Ничья
3.875
П2
1.836
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.075
Ничья
15
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.659
Ничья
4.58
П2
4.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.14
Ничья
9.85
П2
21
Aladop Youtube
×