Кубоктың жаңа иегері анықталды

13.06.2011, 17:39
Кубоктың жаңа иегері анықталды
Дәстүрге айналған Түрксіб ауданы Әкімінің кубогы биылғы жылы 4-рет өткізіліп отыр. Дегенмен де команда құрамы әр жолы ауыстырылады, кейбір жас футболшыларға 2 аусымда қатар ойнайтын кездері де болады. Екі рет жүлделі орынды жеңіп алған №44 ЖБМ команда чемпиондары, биылғы жылы Кубоктың иегері атанды. Ойын қорытындысы бойынша Сабыржан Әлішер ең үздік қақпашы, ал Комашко Артем – шабуылшы атанды. №85 ЖБМ екі дүркін команда чемпиондары биылғы жылы жүлделі орынға ие бола алмады. Есесіне биылғы жылы бірінші рет жүлделі орынға ие болған №115 ЖБМ балалары ерекшеленіп, олар үшінші орынға ие болды, бұл командада шабуылшы Ерсұлтан Түкенов ерекше көзге түсті. Алдыңғы турнирдің ең үздік қорғаушысы Роман Штаненко осы команданың өкілі болып табылады. Финалдық матчқа қатысқан Түрксіб ауданының әкімі В.Устюгов финалдық жарыстың қатысушыларына чемпион Кубогын және медалдарын тапсырып, оларға жас спортшыларға спортта ғана емес, сонымен бірге оқуда да үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×