НИКИТЕНКО МЕН МАМЕДОВ ТІЗГІНДІ БОСАТТЫ

13.06.2011, 15:50
НИКИТЕНКО МЕН МАМЕДОВ ТІЗГІНДІ БОСАТТЫ
Қазақстан-Әзербайжан ойынына байланысты үзіліс алған, ел чемпионаты қайта өз жалғасын тауып, бір аптада біріншіліктің екі тур ойындары өтті. Премьер лиганың 14 турына елордалық «Локомотив» командасы жаңа «Астана» деген атпен қосылды. Атауын өзгерткен бас шаһардың командасы әзірге көш басында. 14 тур, 8 маусым. «Жетісу» — «Шахтер» 1:0 (1:0) Гол: Бакаев пенальти, 27 (1:0). Осы ойынды қосқанда командалар жасыл алаңда 28 рет айқасты. Ал «Жетісу» 8 ойынында жеңіске жетіп отыр 7 матчты өз алаңында ұтты. 7 ойын тең, 13 ойын «Шахтердың» пайдасында (3 ойын сыртта жеңген). «Шахтер» Талдықорғанда соңғы рет 2005 жылы жеңіске жетіпті. Міне, 6 жыл бойы қарағандылықтар үшін талдықорғанда жеңіске жету арман. Бұл командалардың бірінші айналымдағы ойындарыдары 3:3 есебімен тең аяқталған. «Тараз» — «Қайрат» 1:0 (1:0) Гол: Диакате, 29 (1:0). «Тараз» «Қайратты» 11 рет ұтты (8 ойын өз алаңында). 14 матчта «Қайрат» басым болған (4 жеңісі қонақта). 11 ойында тең нәтиже тіркелген. Доп айырмасы 34:41-ге жетті. «Тараз» өз алаңында «Қайратты» ірі есеппен ұтып көрмепті. Есесіне, «Қайрат» 2003 жылы Таразда 4:1 есебімен ірі жеңіске қол жеткізген-ді. Араға 7 жыл салып, «Тараз» Алматыда 3:0 есебімен жеңіс тойын тойлады.Бірінші айналымда 1:0 есебімен «Қайрат» басым түскен. «Ордабасы» — «Қайсар» 1:1 (1:0) Голдар: Касьянов, 20 (1:0), Тағыберген, 87 (1:1). Бұл қос команданың алаңдағы 20 ойыны. Төртінші кездесу тең аяқталып отыр. Есеп – 24:27. Ал жалпы, қос клуб 8 реттен жеңіс тойын тойлапты. 2000 жылғы маусым «Қайсардың» пайдасында. Қос матч – 8:0. Ал 2003 жылғы чемпионат (3:0) пен 2006 жылғы маусым (5:1) «Ордабасының» жеңісі. «Тобыл» — «Ертіс» 4:1 (2:1) Голдар: Гридин ,17 (1:0), Заречный, 37 (1:1), Шептицький, 45 (2:1), Бекрич, 49 (3:1), Гридин, 66 (4:1). «Тобыл» мен «Ертіс» арасындағы 42 ойында қостанайлықтар жеңді. Бұл «Тобылдың» 14 жеңісі (8 жеңіс өз алаңында). Қос мықты арасындағы 11 матч тең, 17 ойын «Ертістің» пайдасында (6 жеңіс қонақта). Доп айырмасы – 43:55. «Ертіс» төртінші рет сырт алаңда «Тобылдан» 1:4 есебімен ұтылды (2001, 2010 жылдары). Бұған қоса «Ертіс» 2010 жылы екінші айналымда қостанайлықтарға 0:4 есебімен жеңілді. Бірінші айналымда 3:2 есебімен «Ертіс» басым түсіпті. «Астана» — «Атырау» 3:2 (2:0) Голдар: Рожков, 22 (1:0), Жұмасқалиев, 34 (2:0), Нөсербаев, 67 (3:0), Алейников, 73 (3:1), Алейников, 87 (3:2). Астаналықтар «Атыраудан» 5 рет басым түсуде. 2 ойын тең, 1 матч «Атыраудың» еншісінде (2010 жыл). Доп -11:6. Бірінші айналымда қос клуб голсыз тарқасты. «Ақтөбе» — «Восток» 3:0 (2:0) Голдар: Құрмашев, 28 (1:0), Мане, 57 (2:0), Кенжисариев, 84 (3:0). «Ақтөбе» 19 рет жеңді (11 ойын өз алаңында). 4 ойын тең, 9 матч (3 жеңіс қонақта) «Востоктың» еншісінде. Доп- 51:29. Бірінші айналымда тең нәтиже тіркелген. 15 тур, 12 маусым «Шахтер» — «Ақтөбе» 1:0 (0:0) Гол: Финонченко, 48 (1:0). Екі команда команда 37 ойынын өткізді. Және қос мықтының да жеңіске жеткен матчының саны теңесті – 12:12. 14 ойын тең. Доп айырмасы – 37:31. «Шахтер» 8 ойынын өз алаңында жеңген, «Ақтөбе» 4 матчты сыртта ұтыпты. Қарағандылықтар соңғы 10 матчтың тек екіншісінде жеңіске жетіп отыр. Екеуін де осы маусымда. «Қайсар» — «Астана» 2:4 (1:2) Голдар: Богдан, 6 (1:0), Нөсербаев 10 (1:1), Жұмасқалиев 42 (1:2), Плиев 54 (1:3), Максим 67 (2:3), Богавац 74 (2:4). «Қайсар» елордалықтармен төртінші ойынын өткізіп, 4 матчта қатарынан ұтылды. Доп айырмасы да алшақ – 3:16. Барлық кездесу ірі есептермен аяқталыпты. Мәселен, бірінші айналымдағы ойын 5:1 есебімен «Астана» жеңген. «Восток» — «Тараз» 1:1 (0:0) Голдар: Абдулин, 53 (1:0), Недашковский, 87 (1:1). Бұл «Восток» пен «Тараздың 7 тең ойыны. Бұл Өскеменде тіркелген 5 тең нәтиже. Ал жалпы алғанда «Восток» 11 матчта «Восток», 14 кездесуде «Тараз» жеңген. Доп -33:49 «Қайрат» — «Ордабасы» 0:3 (0:0) Голдар: Тәжімбетов, 69 (0:1), Перич, 73 (0:2), Перич, 83 (0:3). Ала-құла ойын көрсетіп жүрген «Қайрат» Алматыда шымкенттік командаға оңбай ұтылды. Бұл «Ордабасының» 6 жеңісі. Алматылықтардың еншісінде 10 жеңіс бар. 8 ойын тең. Бірінші айналымда да «Ордабасы» жеңген -ді – 2:0. Айтпақшы, «Қайраттың» бас бапкері Владимир Никитенко өз орнын босатты. «Атырау» — «Тобыл» 0:2 (0:0) Голдар: Бекрич, 58 (0:1), Лотов 85 (0:2). Бұл – «Тобыл» Атыраудағы 7 жеңісі. Жалпы, қостанайлықтар 15 ойында жеңіске жетсе, 6 кездесуде тең, 5 матчта жеңілген. Алғашқы айналымдағы ойында есеп ашылған жоқ. «Ертіс» — «Жетісу» 2:3 (2:1) Голдар: Говедарица, 9 (1:0), Заречный ,19 (2:0), Бакаев, 24 (2:1), Бакаев, 60 (2:2), Ковалев, 88 (2:3). «Жетісу» мен «Ертіс» бұған дейін барлығы 27 ойын өткізіпті. Соның тек 4 ойынында ғана талдықорғандықтар жеңген. 19 ойын «Ертістің» пайдасында. Қалған 4 кездесу тең. Тең матчтардың бірі бірінші айналымда тіркелген еді. Осы ойыннан кейін «Атыраудың» бас бапкері Мамедов отставкаға кетті. Команда О Ұ Т Ж Гол Ұп 1 «Астана» 15 10 3 2 25 – 16 33 2 «Жетісу» 15 9 4 2 25 – 10 31 3 «Ақтөбе» 15 9 2 4 26 – 12 29 4 «Шахтер» 15 9 2 4 24 – 13 29 5 «Ордабасы» 15 7 3 5 20 – 11 24 6 «Ертіс» 15 7 2 6 27 – 23 23 7 «Тобыл» 15 6 2 7 24 – 20 20 8 «Тараз» 15 5 1 9 11 – 17 16 9 «Атырау» 15 3 6 6 12 – 19 15 10 «Қайрат» 15 4 2 9 15 – 26 14 11 «Қайсар» 15 2 3 10 10 – 34 9 12 «Восток» 15 1 6 8 10 – 28 9
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×