“Ешқандай сын көтермейді” – Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері ҚПЛ грандтарына қатаң үкім шығарды

Бүгін, 18:52

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, тәжірибелі маман Владимир Фомичев Қазақстан Премьер лигасының өткен тур ойындарына сараптама жасап, маусымның басындағы лига фавориттерінің ойынына қатысты өз пікірін білдірді. Маман еліміздің жетекші клубтары көрсетіп отырған нәтижелерге көңілі толмайтынын жасырмады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ешқандай сын көтермейді” – Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері ҚПЛ грандтарына қатаң үкім шығарды

Фомичевтің ең қатаң сыны Қостанайлық "Тобылға” бағытталды. Еурокубоктарда бақ сынайтын және әрқашан жүлделі орындарға таласатын клубтың биылғы көрсеткіші сарапшының пікірінше, сын көтермейді.

"Олардың қазіргі жағдайы мүлдем ақталмайды. Бас бапкердің ауысуы мен ойыншылардың келу-кетуі жағдайды біршама жақсартқанымен, "Тобыл" әлі де болса өз деңгейін көрсете алмай келеді. Маусым ортасында бұл команданың чемпиондыққа немесе жүлделі орындарға таласуы екіталай.” – дейді маман Prosports.kz сайтына берген сұхбатында.

Фомичев "Ақтөбенің” "Жетісудан” ұтылуын маусымдағы ең үлкен сенсациялардың бірі деп атады. Оның айтуынша, батыстық клубта стратегиялық жоспарлау жағынан олқылықтар бар.

Елордалық "Астанаға” келетін болсақ, маман клубтың деңгейі төмендегенін байқап отыр.

"Жеңіспен” болған тең ойыннан кейін сарапшы:

"Астана биыл тек үздік бестікке ілігу үшін ғана күресетін сияқты. Клубтың бұрынғы айбыны мен тұрақтылығы қайда кеткені түсініксіз." – деп тұжырымдады.

Сарапшының пайымдауынша, қазіргі таңда чемпиондыққа басты үміткер — шымкенттік "Ордабасы". Қатарынан алты жеңіске жетіп, тұрақты ойын өрнегін көрсетіп отырған команданы Фомичев өзгелерден жоғары қояды.

Ал "Қайратқа" қатысты пікір басқаша. Алматылықтардың Чемпиондар лигасы мен ішкі біріншілікті қатар алып жүруі өте қиын болады, бұл олардың турнирлік кестедегі ұпайларына әсер етпеуі мүмкін емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×