ЕУРО-2020 13 қалада өтеді

19.09.2014, 23:16
ЕУРО-2020 13 қалада өтеді
Еуро-2020 жарысы 13 қалада өтетін болып шешілді. Үміткер болған 19 қаланың ішінен УЕФА 13 қаланы іріктеп, таңдап алды. Олардың қатарында: Лондон (финал, жартылайфиналы), Мюнхен, Баку, Санкт-Петербор, Рим (топтық кезең және ширекфиналдар), Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель, Глазго (топтық кезең және 1/8 финал). 16-Еуропа чемпионатының осылайша өзгеше форматта өтуін Еуропа үйінің басшысы Мишель Платини қолдап отыр. Ол кісінің айтуынша жарыстың 60-жылдығына орай жасалынып отырған мұндай шешім, эксперимент ретінде ғана қарастырылады. Ең алғашқы Еуро 1960-жылы өткен болатын. Және сол турнирді КССРО құрамасы жеңген еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×