
Қазақстанның үздік клубтары келесі аптада кәрі құрлықтың басты долалары саналатын Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы мен Конференция лигасында іріктеу кезеңін бастайды. Осы орайда командалардың қаншалықты күшейіп жатқанына тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Чемпиондар лигасы. 1-кезең. 8 шілде
«Олимпия» (Словения) - «Қайрат» (Қазақстан)
Шабуыл шебіндегі Элдер Сантана мен Жоао Паулоның жарақат алып, маусымды өткізіп алуы салдарынан алматылық ұжым шабуыл шебін күшейтуді мақсат етті. Трансферлік терезеде олар Словенияның «Целе» клубында доп тепкен Эдмилсон Сантосқа көз тікті. Өткен маусымда Конференция лигасының ширек финалына дейін жеткен Эдмилсон биылғы маусымында «Қайратпен» сенсация жасауды көздейді. Ол өткен турда «Ордабасыға» қарсы матчта небәрі 22 минут ойнап, алаңнан қуылып кетті. Рафаэль Уразбахтин бұдан басқа әзірше трансфер жасамады.
Еуропа лигасы. 1-кезең. 11 шілде
«Легия» (Польша) - «Ақтөбе» (Қазақстан)
Жеребесі өте қиын «Ақтөбе» клубы жиі жаңалық беттеріне шығуда. Себебі, олар бірнеше футболшымен мәмілеге келіп үлгерді. Командаға ганалық және нигерлік шабуылшы Дантэль Соса, Вячеслав Швырев, Артур Шушеначев, жартылай қорғаушы, «Елімайдың» капитаны болған Никита Корзун, Георгий Жуков, қорғаушы Талғат Кусяпов келсе, кеткендердің қатарынан тек Айбар Абдулла маусым соңына дейін «Тұранға» жалға берілді.
Конференция лигасы. 1-кезең. 10 шілде
«Торпедо» (Грузия) - «Ордабасы» (Қазақстан)
Шымкенттіктер трансферлік терезеде белсенді түрде жұмыс істеуде. Олар 3 ойыншысымен қош айтысып, оның орнына 3 футболшыға келісім-шарт ұсынды. Ел чемпионатында 7 ойын өткізген Владислав Швырев, 9 кездесуге қатысқан жартылай қорғаушы Рашид Абубакар (Гана), 6 рет алаңға шыққан шабуылшы Кайоде Салиман (Нигерия) мерзімінен бұрын келісім-шарттарын үзді. Олардың орнын Румынияның түрлі жастар құрамасында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Михай Кэпэцына, «Динамо» Киев клубының түлегі, жартылай қорғаушы Владислав Наумец және тағы бір украиналық Юрий Вакулко алмастырды.
Біздің серіктес: FONBET