
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы жазғы трансферлік кезеңде құрамын қорғаушы Ілияс Әмірсеитовпен толықтырғанын ресми түрде хабарлады.
“Тәжірибелі қорғаушы Ілияс Әмірсеитов жазғы трансфер науқанында “Қайсар” сапын толықтырғанын зор қуанышпен хабарлаймыз.
Араға 4 жыл салып оралған Ілияс бұған дейін “Хан Тәңірі”, “Жетісу”, “Мақтаарал” командаларында доп тепті.
Біздің отбасыға қош келдің, Ілияс!”, – деген клубтың әлеуметтік желісінде.
35 жастағы қорғаушы өткен маусымда Бірінші лигада «Хан-Тәңірі» сапында 13 ойын өткізген. Қазақстан чемпионаттарындағы 16 жылдық мансабында ол 332 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET