Еурокубоктағы аншлаг: Қазақстандық клубтардың матчтарына 40 мыңнан астам жанкүйер жиналды

Бүгін, 13:33

Қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы ойындарына деген қызығушылық биыл айтарлықтай артты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Еурокубоктағы аншлаг: Қазақстандық клубтардың матчтарына 40 мыңнан астам жанкүйер жиналды

Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен “Қайрат” пен “Тобылдың” матчтарына жалпы саны 40 мыңнан астам жанкүйер келіп, Қазақстандық футболға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын көрсетті.

Ең жоғары көрсеткіш Алматыдағы “Қайрат” – “Омония” кездесуінде тіркелді. “Орталық” стадионында өткен қарымта матчты 19135 көрермен тамашалап, аренаның 84 пайызы толды. Бұл – соңғы жылдардағы Қазақстандық клубтардың Еурокубоктық ойындарындағы ең жоғары келушілік көрсеткіштердің бірі.

Ал Кипрдің Никосия қаласында өткен алғашқы кездесуге 14 106 жанкүйер жиналды. Осылайша, “Қайрат” пен “Омония” арасындағы екі матчты жалпы 33 мыңнан астам адамстадионнан тамашалады.

Конференция лигасында өнер көрсеткен “Тобыл” да жанкүйерлер назарынан тыс қалған жоқ. Қостанайда өткен “Тобыл” – “Паневежис” матчына 5 837 көрермен келсе, Литвадағы қарымта ойынды 1 872 адам тамашалады.

Бұл көрсеткіштер Қазақстандық клубтардың халықаралық аренадағы ойындарына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Әсіресе, “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы табысты өнері мен Еурокубоктағы жоғары деңгейдегі матчтар жанкүйерлерді стадиондарға көптеп тартуда.

Алматылық клубты енді Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның “Левски” командасына қарсы қос кездесу күтіп тұр. Егер Қазақстандық жанкүйерлердің қазіргі белсенділігі сақталса, алдағы матчтарда да стадиондардың лық толуы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×