Еуропа чемпионатына қатысатын барлық ойыншылар вакцина салдыруы мүмкін

12.04.2021, 04:58
Матчтарды стадионнан тамашалағысы келетін жанкүйерлер де вакцина салдыруға міндетті болмақ.
Еуропа чемпионатына қатысатын барлық ойыншылар вакцина салдыруы мүмкін

УЕФА өзінің медициналық комиссиясы арқылы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын барлық футболшыларға коронавирусқа қарсы вакцина егу туралы хаттама дайындаумен айналысуда.

Егер вакцинация міндетті болса, шамамен 600 ойыншыға вакцина егу керек. Сондай-ақ УЕФА турнирдегі матчтарға қатысатын жанкүйерлер үшін де осы ережені қабылдауы мүмкін.

Екі күн бұрын УЕФА Еуропа чемпионатын қабылдайтын сегіз стадион жанкүйерлерді қарсы алуға дайын екенін мәлімдеді. Мюнхен, Рим, Бильбао, Дублин қалалары жанкүйерлерді кіргізу туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Аталған төрт қала нақты шешімді 19 сәуірге дейін қабылдауы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×