Рикардо Кака: «Жаманқұловтың қоштасу матчы керемет өтті»

12.04.2021, 16:19
Кака шәкірттері іріктеу кезеңінде жүз пайыздық нәтижеге қол жеткізді.
Рикардо Кака: «Жаманқұловтың қоштасу матчы керемет өтті»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Израильге қарсы өткен матч (4:0) туралы пікір білдірді:

- Алдымен, мен осы циклге қатысқан барлық ойыншыларға, команда қызметкерлеріне, сондай-ақ клуб пен ұлттық құраманың арасында жүрген жаттықтырушылар құрамына алғыс айтамын. Мен дайындалуға жағдай жасағаны үшін ҚФФ басшылығына алғыс айтқым келеді. Мен осындай адамдармен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Ия, біз жүз пайыздық нәтижеге қол жеткіздік. Ұлттық құрамада дебютанттар болды, Жаманқұловтың қоштасу матчы керемет өтті. Өте аз гол жібердік. Әрі қарай жұмыс істеп, алға жылжу керек.

Жаманқұлов - аңыз ойыншы, ол құрметке және осылай қоштасуға лайық. Өкінішке орай, жанкүйерлер болмады. Бірақ бәріміздің оны қалай жақсы көретінімізді және құрметтейтінімізді сезген шығар. Қазақстан футзалының бұл ойыншыға берешегі көп. Мен оған тек сәттілік тілеймін!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×