Еуропа чемпионатының басты жаңалығына айналған футболшы мансабын «Ювентусте» жалғастырады

18.08.2021, 01:51
Футболшының трансфер құны 35 миллион еуроны құрады.
Еуропа чемпионатының басты жаңалығына айналған футболшы мансабын «Ювентусте» жалғастырады

"Ювентус" "Сассуоло" клубы мен Италия құрамасының 23 жастағы жартылай қорғаушысы Мануэль Локателлиді сатып алу туралы келіссөздерді аяқтады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

"Сассуоло" өз футболшысын 35 миллион еуроға бағалады. Ал Локателли мен туриндік клуб арасындағы келісім-шарт 2026 жылдың маусым айына дейін жасалады. Ресми ақпарат жақын күндері шығады.

"Арсенал" соңғы екі ай бойы Локателлиді сатып алуға тырысқанымен, Мануэльдің өзі "Ювентусқа" ауысу туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×