«Бавария» - Германия Суперкубогінің иегері

18.08.2021, 14:12
Юлиан Нагельсманн командаға келе салысымен трофей жеңіп алды.
«Бавария» - Германия Суперкубогінің иегері

Германия Суперкубогі үшін бооған матчта "Боруссия Дортмунд" "Баварияға" есе жіберді. Кездесу Дортмундтағы "Сигнал Идуна Парк" стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 41-минутында «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски есеп ашты. 8 минуттан кейін Томас Мюллер мюнхендіктердің басымдығын нығайтты. 64-минутта дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Марко Ройс тамаша гол соқты. Ал 74-минутта Левандовски дубль жасап, кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, "Бавария" тоғызыншы мәрте Германия Суперкубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×