Жарынбетов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді

18.08.2021, 14:46
Самат биыл қостанайлық клубтың негізгі ойыншысына айналды.
Жарынбетов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов Қазақстан құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатының алдағы іріктеу ойындарына арналған кеңейтілген тізіміне енді.

Жарынбетов биыл қостанайлық команданың негізгі ойыншысына айналды. Ол осы маусымда 21 ойын өткізіп, 1 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Самат артқы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді, ол орталық қорғаушы мен қапталдағы жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×