Еуропа чемпионатының жалпы жүлде қоры белгілі болды

15.06.2021, 16:12
Биыл Еуропа чемпионатына рекордтық көлемде ақша бөлінді.
Еуропа чемпионатының жалпы жүлде қоры белгілі болды

Еуропа чемпионатының жалпы жүлде қоры 331 миллион еуроны құрайды. Бастапқыда УЕФА аталмыш турнир үшін 371 миллион еуро бөледі деп болжанған болатын, бірақ пандемияның әсерінен ұйымның кірісінің төмендеуіне байланысты қаржы мөлшері азайтылды. Бұл Еуропа чемпионатының тарихындағы ең үлкен жүлде қоры болып табылады - бес жыл бұрын Еуро-2016 турнирінде бұл сома 301 миллион еуроны құраған еді.

Жалпы жүлде қоры ұлттық құрамаларға төмендегідей бөлінеді:

Турнирге қатысқан әр команда 9,25 миллион еуроға ие болады;

Топтық кезеңдегі әр жеңіс үшін 1 миллион еуро, ал тең нәтиже үшін 500 000 еуро беріледі;

1/8 финалға шыққаны үшін УЕФА 1,5 миллион еуро төлейді;

Ширек финалға шыққаны үшін 2,5 миллион еуро;

Жартылай финалға қатысушылардың әрқайсысы 4 миллион еуродан алады;

Финалға шыққан командалар тағы 5 миллион еуродан алады, ал жеңімпаз қосымша 3 миллион еуроны қалтасына басады.

Осылайша, жеті матчта да жеңіске жеткен чемпион команда жалпы 28,25 миллион еуро пайда көреді. Әрине, бұл соманы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысқан клубтарға төлейтін үлкен сыйақы көлемімен салыстыруға болмайды - бірақ бұл ұлттық құрамалар үшін өте үлкен табыс көзі болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×