«Шахтерға» үш ұпайы қайтарылды

15.06.2021, 20:20
«Шахтердің» стадионы Премьер-лига ойындарын қабылдауға дайын.
«Шахтерға» үш ұпайы қайтарылды

Қазақстан футбол федерациясы сертификаттау жөніндегі комиссияның шешімімен «Шахтерға» маусым басында шегерілген 3 ұпайын қайтарып берді, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, маусымның басында «Ақтөбе», «Шахтер» және «Жетісу» өз алаңдарының дайын болмауына байланысты үш ұпайдан айырылған еді, соған байланысты командалар басқа қалада ойнауға мәжбүр болды.

«Шахтер» Премьер-лиганың 15-турындағы «Қызыл-Жарға» қарсы ойынды өз стадионында өткізді. Осыдан кейін ҚКФЛ президенті Олжас Абраев Қарағандыға жұмыс сапарымен барып, көгалдың сапасы мен жөндеуден өткен стадионның жалпы жағдайын бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×