Еуропа Лигасы. Плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындар

17.02.2017, 16:23
Еуропа Лигасы. Плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындар
Похожее изображение Өткен түнде футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары өтті. Чемпиондар лигасынан кем түспейтін бұл доданың 1/16 финалының бірінші кездесулері көпшілік күткендей тартысқа толы болды. Картинки по запросу Alkmaar Lyon Голландияда жергілікті "Аз" Алкмарға қарсы ойнаған француздық "Лион" сырт алаңда 4:1 есебімен жеңіске жетті. Чемпиондар лигасында жарқырай алмаған Фекир, Ляказетт бастаған футболшылар ойын басталысымен алға ұмтылды. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ қимылдаған француздар алғашқы голды соғып, есепте алға шықты. Лион сапында көзге түскен Тузар болды. Қонақтар бірінші таймға қосылған қосымша уақытта да есепті еселей түсті. Қақпашымен жеке дара шыққан Ляказетт Тим Крулдан айласын асырды. Ойынның екінші бөлігі де қос команданың алма-кезек шабуылдарымен қыза түсті. Кездесудің 57-ші минутында Ляказетт осы ойындағы екінші голын соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Артынша ес жинай бастаған алаң иелері есеп айырмасын екі голға дейін қысқартты. 11- метрлік айып добын Джаканбакш  мүлтіксіз орындап командасын алға сүйреді.  Негізгі уақыт аяқталып, төреші қосқан қосымша уақытта ойынға тыңнан қосылған Ферри бұл кездесудің нүктесін қойды.  24-ші ақпанда өтетін қарымта ойында келесі кезеңге өту үшін француздарға тең ойын да жеткілікті. Картинки по запросу Ростов Спарта Биылғы маусымда чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтіп, сенсация жасаған Ростов бүгін де өз жанкүйерлерінің алдында ерледі. Өз алаңында Праганың  «Спартасын» қабылдаған олар қарсыластарын ойсырата жеңді. Кездесудің 15-ші минутында бұрыштамадан көтерілген допты Мевля  голға айналдыра білді. Ойынның 32-ші минутында дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылған Конате командаластарын 10  адаммен қалдырды. Айналдырған екі минуттың ішінде  алаң қожайындары екі гол соқты. Матчтың 38-ші минутында ростовтықтар ұйымдастырған қарымта шабуылды Дмитрий Полоз сәтті аяқтады. Артынан чех қорғаушыларының арасындағы  түсініспеушілікті пайдаланған Нобоаның соққысына ешкім төтеп бере алмады.  Екінші таймда еркін ойнаған «Ростов» футболшылары асықпай жүріп төртінші голын да соқты. Гол авторы ирандық жас шабуылшы Сердар Азмун. «Ростов» командасының басымдылығымен өткен ойын 4-0 есебімен аяқталды. Чехиялық команданың ендігі жағдайы өте ауыр.  Олар келесі кезеңге өту үшін өз алаңдарында Ростов қақпасына жауапсыз бес доп соғу керек. Бұл ғажайып Прагада орын алар ма екен? Әй, қайдам... Картинки по запросу мю сент этьен Футбол сүйер қауым мен сарапшылар әйгілі  "Олд Траффордта" өткен  «Манчестер Юнайтед» пен француздық «Сент Этьен» арасындағы кездесуді асыға күтті деуге толықтай негіз бар. Өйткені бұл ойында ағайынды Флорентин мен Поль Погба бір біріне алғаш рет қарсы ойнады. Төреші ысқырысымен шабуылға лап қойған Моуринью шәкірттері бірінші болып гол соқты. Ибрагимович айып соққысын орындап осы матчтағы бірінші голын салды. Бірінші тайм алаң иелерінің бір гол басымдығымен аяқталды. Екінші кезеңнің аяқталуына 20 минут қалғанда Ибрагимович осы ойында екінші мәрте көзге түсті. Қос допқа місе тұтпаған тәжірибелі швед шабуылшысы хет-триктің авторы атанды. Осылайша Моуринью баптайтын манчестерлік ұжым бір аяғымен  келесі кезеңге өтіп тұр десек те болады. Похожее изображение Көпшілік күтпеген есеп Испанияның Вильяреал қаласында тіркелді. "Эль Мадригалда" өткен кездесуде жергілікті «Вильяреалды» өз жанкүйіерлерінің көзінше италиялық Рома тас талқан етті.  Ойын барысында қос команда сақ ойнауға тырысты. Сондықтан да алаңға жиналған жанкүйерлер голды тек бірінші таймның аяқталуына 10  минут қалғанда ғана көрді. Қонақтардың қорғаушысы Эмерсонның алыстан шірене тепкен соққысына қақпашы дайын болмай шықты. Сөйтіп бірінші тайм Спалетти жаттықтыратын құрамның пайдасына аяқталды. Ал екінші кезеңде есепті теңестіруге ұмтылған алаң қожайындары шабуылдап жүріп, қорғанысты ұмытып қалдырды. Осындай қателікті пайдаланған қонақтар мүмкіндіктерін мүлт жібермей, есепті бір голға ұзарта түсті. Голдың авторы босниялық Эдин Джеко болатын. Артынша гол салудан жалықпайтын Джеко екінші голын да соғып, командасын алға жетеледі. Кездесудің бітуіне санаулы минуттар қалғанда Джеко хет трик жасап  сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты. "Сары субмарина" допты ортадан бастап, шабуыл жасаймыз дегенше бас төрешінің ысқырығы да  шалынып матч аяқталды. Қонақта ірі есеппен жеңіске жеткен италиялықтардың келесі кезеңге өтіп тұрғанына ешкімнің күмән келтірмесі анық. Дегенмен де бұл футбол, доп домалақ, сондықтан да Вильяреалдың келесі кезеңге өту үшін аянып қалмайтыны анық. Картинки по запросу Боруссия М Фиорентина Осы кезеңнің орталық кездесулерінің бірі Германияда өтті. Менхенгладбахқа қонаққа келген италиялық «Фиорентина» ұжымы 1:0  есебімен  алаң иелерін қапы қалдырды. Бұл ойында соғылған жалғыз голды 44-ші минутта Бернардески соқты. Кездесу аяқталғанша немістер қанша шабуылдағанымен қонақтар есепті сақтап қала білді. Енді араға бір апта салып, келесі кезеңге кімнің өтетінін Флоренцияда өтетін кездесуден кейін білетін боламыз. Осы жылғы маусымда жерлестеріміз Астанамен топтық кезеңде өнер көрсеткен «АПОЭЛ» жеребеде Испанияның «Атлетигімен» жұп құраса, «Олимпиакос» түріктің «Османлыспорымен»  келесі кезеңге өту жолдамасын сарапқа салады. Бірінші ойындардың қорытындысы бойынша АПОЭЛ сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіліс тапса, «Олимпиакос» өз жерінде «Османлыспордың» тас қамалын бұзалмай  0:0 есебімен тең түсті. Дегенмен де екі команданың келесі кезеңге өту мүмкіндіктері бар. Ол үшін «АПОЭЛ» командасына өз алаңындағы жеңіс ауадай қажет, ал «Олимпиакосқа» нәтижелі тең есеп те жеткілікті.  

Басқа кездеулердің нәтижесі төмендегідей:

  Краснодар (Ресей) 1:0Фенербахче (Түркия) Астра (Румыния) 2:2  Генк (Бельгия) Боруссия М (Германия)0:1 Фиорентина (Италия) Гент (Бельгия) 1:0 Тоттенхэм (Англия) Лудогорец (Болгария) 1:2 Копенгаген (Дания) Сельта (Испания) 0:1 Шахтер (Украина) Андерлехт (Бельгия) 2:0  Зенит (Ресей) Легия (Польша) 0:0 Аякс (Голландия) Паок (Греция) 0:3 Шальке (Германия) Хапоэль Б.Ш (Израиль) 1:3 Бешикташ (Түркия)   Айта кетейік, қарымта ойындар ақпанның 24-ші жұлдызында өтеді.  

Руслан МЕРАЛИЕВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×