ЕУРОПА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

17.05.2013, 19:39
ЕУРОПА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

khuan-mata_1337279107441850146mata«Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Робин ван Перси клуб жанкүйерлерінің дауыс беруі бойынша биылғы маусымның ең үздік футболшысы деп танылды. Голландия құрамасының футболшысы 41,5 пайыз дауыс жинаған. Екінші орынды 29 пайыз дауыспен Майкл Кэррик иемденген. Үшінші орынды 11,5 дауыспен Давид Де Хеа қорытындылап тұр. Естеріңізге сала кетсек, Ван Перси Англия чемпионатында 37 рет алаңға шығып, 25 гол соққан.

Мадридтің «Реал» клубының басшылары «Бавария» клубының қазіргі бас жаттықтырушысы Юпп Хайнкесті клубқа шақыруы мүмкін. Бірақ, клуб перзиденті Флорентина Перес бірінші кезекте Карло Анчелотти мен келісіп алуға тырыспақшы. «Челси» клубының жанкүйерлеріде  биылғы маусымның ең үздік футболшыларын анықтады.Нәтижеде жанкүйерлер жартылай қорғаушы Хуан Матаны ең үздік деп тапқан. Мата осы маусымда премьер-лигасында 34 кездесуде қатысып, 10 гол соққан. «Манчестер Сити» басшылары клубтың экс футболшысы Патрик Виейраға маңызды жұмыс тапсырды. Енді француз футболшысы «қалалықтардың» жастар құрамасын жаттықтыратын болды. Роберто Манчини басшылығындағы 6 жәрдемшісін босатқан соң осында шешім шығарған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×