Еуропалық скаут Қазақстандық жас талантты жоғары бағалады

Бүгін, 13:27

Италия Серия А-сының бірнеше клубында жұмыс істеген белгілі Еуропалық футбол скауты әрі сарапшы Алекс Великих "Ақтөбе" клубының жас шабуылшысы Виталий Латурнустың болашағына қатысты оң пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Еуропалық скаут Қазақстандық жас талантты жоғары бағалады

Маман Prosports.kz сайтына берген сұхбатында 17 жасар қазақстандық таланттың бойында үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

"Бойында жақсы қасиеттері бар, болашағы өте зор футболшы болуы әбден мүмкін. Маған оның ойыны ұнайды.” — деді Алекс Великих.

Виталий Латурнус 2026 жылғы маусымда "Ақтөбенің” негізгі құрамында сенімді өнер көрсетіп, жанкүйерлер мен шетелдік мамандардың назарына ілікті. Оның биылғы ҚПЛ аясындағы статистикасы төмендегідей:

12 матч, 4 гол, 1 ассист, құны 250 мың еуро

Ақтөбе футболының түлегіне қазірдің өзінде сырттай көз тігіп жатқандар аз емес.

Осы маусымның алдында Португалиялық гранд "Портудың” скауттары Виталийді өз академиясына шақырғысы келген, бірақ "Ақтөбе” басшылығы өз талантын жібермеуді жөн көрді.

Жақында Латурнус Элдор Шомуродовты Серия А-ға, ал Дастан Сәтпаевты Лондондық "Челсиге” ауыстыруға септігін тигізген беделді ProSports Management агенттігімен ресми келісімшартқа отырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×