“Ордабасы” қожайыны жаңа трансфер жоспары туралы айтты

Бүгін, 13:40

Шымкенттік "Ордабасы" клубының ортақ қожайыны Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде команданың алдағы трансферлік жоспарларына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ордабасы” қожайыны жаңа трансфер жоспары туралы айтты

Жанкүйерлердің бірі одан: "Бейбіт аға, тағы трансферлер бола ма? Әлде осымен тоқтаймыз ба?” — деп сұраған. Клуб жетекшісі бұл сұраққа қысқа қайырып: "Мүмкін тағы бір Қазақстандық футболшыны қатарға қосармыз.” — деп жауап берді.

Бейбіт Әлібеков нақты есімді атамағанымен, БАҚ бұл орынға басты үміткерлерді атап үлгерді. Қазіргі таңда шымкенттік клубтың назарына ілінген негізгі Қазақстандық ойыншылар:

– Ислам Чесноков: Шотландиялық "Хартс” сапындағы құрама шабуылшысына "Тоболдан" бөлек, "Ордабасы" да ресми ұсыныс жасап, трансферді толық сатып алуға дайын отыр.

– Асхат Тағыберген: Капитанының Шымкентке қайта оралуы мүмкін екендігі туралы сыбыстар да толастар емес.

“Ордабасы” әзірге 14 матчтың ешқайсысында жеңілмей, 34 ұпаймен ҚПЛ кестесінің шыңында жеке-дара келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×