Еуропалық клубқа ауысқан қазақстандық мәлімдеме жасады

27.01.2023, 22:34
Еуропалық клубқа ауысқан қазақстандық мәлімдеме жасады


Арменияның 4-дүркін чемпионы "Алашкерт" Тумир Рудосельскийді қатарына қосты.

Тимур Армения біріншілігінде бұған дейін "Лори", "Севан" және "Нораванк" командаларында доп тепті. 

"Нораванк" сапында ол Армения Кубогін иеленген болатын.

"Сары-қаралардың" отбасының бір бөлшегіне айналғаныма қуаныштымын. "Алашкерт" мені жақсы қарсы алды. Чемпионаттың екінші бөлігінде тартысты бәсекелер күтіп тұр. Біз соған басты назар қоямыз". 

Рудосельский өз отанында "Қайрат", "Жетісу", "Қайсар", "Оқжетпес" және "Тұран" командаларының намысын қорғаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×