Ұлан Қонысбаев болашағына қатысты мәлімдеме жасады

27.01.2023, 16:19
Ұлан Қонысбаев болашағына қатысты мәлімдеме жасады


Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Ұлан Қонысбаев Meta-ratings.kz тілшісі Марғұлан Жақыпқа сұқбат берді.

2019 жылдан бері кәсіби түрде футбол ойнамаған Қонысбаев спорттық мансабымды жалғайын десем командалар тарапынан ұсыныс жоқ дейді.

"Қпл ұжымдарынан менің тарапыма деген ұсыныстар келіп түскен жоқ. Менің кәсіби футболдағы мансабым бұлыңғыр болып тұр. Медиафутболда өнер көрсете беремін".

Еске салайық, Қонысбаев Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жалпы алғанда 32 ойын өткізіп, 3 гол салған болатын. Клубтық деңгейде ол, "Тараз", "Шахтер", "Астана", "Атырау", "Ақтөбе", "Қайрат" және "Оқжетпес" қатарларында доп тепті. Қазір Ұлан медиалигада Sparta намысын қорғап жүр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×