Еуропаның 12 командасы Суперлигаға қатысатынын растады

19.04.2021, 15:58
Турнирдің президенті болып Флорентино Перес тағайындалды.
Еуропаның 12 командасы Суперлигаға қатысатынын растады

Еуропаның ТОП-5 лигасында өнер көрсететін 12 клуб Суперлигаға қатысатынын растады. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Бұл клубтардың тізімі де белгілі болды: "Милан", "Арсенал", "Атлетико", "Челси", "Барселона", "Интер", "Ювентус", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед" , "Реал Мадрид" және "Тоттенхэм".

"Турнирдің алғашқы маусымы басталғанға дейін тағы 3 клуб қосылады деп күтілуде және жаңа турнирді мүмкіндігінше тезірек бастауға тырысамыз. Болашақта Суперлигаға қатысатын клубтар бірлесіп жұмыс істеу үшін УЕФА мен ФИФА-дан кеңес алуға үмітті", - деп хабарлады Суперлиганың баспасөз қызметі.

Белгілі инсайдер Николо Шира өзінің твиттер парақшасында "Бавария", "РБ Лейпциг" және "Порту" клубтарының да бұл турнирге қатысатынын мәлімдеді. Және Суперлигаға қатысатын кез-келген клуб пен сол команданың ойыншылары УЕФА мен ФИФА ұйымдастырған жарыстардан шеттетіледі.

Бұған дейін клубтардың әрқайсысы Суперлигаға қосылғаны үшін 350 миллион еуродан алатыны белгілі болған еді. Ресми емес мәліметтер бойынша, 20 команда 10 командадан тұратын екі топқа бөлінеді. Командалар Суперлиганың бір маусымында 18-23 матч өткізеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×