ЕУРОПАНЫҢ ФУТБОЛ БАЗАРЫНАН

04.02.2011, 20:02
ЕУРОПАНЫҢ ФУТБОЛ БАЗАРЫНАН
1-қaңтар мен 31-қаңтар арасында Еуропада трансферлік ауысым уақыты болғаны дүйім жұртқа белгілі. Осы уақыт ішінде, біршама командалар қатарларын керекті ойыншылармен толықтырған болатын. Бүгінде трансферлік маусым есігін жапты. Саптарын толтырған командалар енді, жаңа ойыншыларының қаншалықты сәтті өнер көрсететінін байқап көрмек. Осы орайды пайдалана отырып мен Кәрі құрлықтағы ең атышулы ауысуларды шолып көрмекпін. Фернанда Торрес «Ливерпульден» «Челсиға» Биылғы жылғы ауысымның көшін бастап тұрған Фернанда Торрес. Ағылшындық БАҚ өкілдерінің мәліметтеріне сүйенер болсақ Торрес «Челсиге» 50млн функке тең келеді. Лондондық команда сапында өзінің сүйікті 9-нөмірімен ойнайды. Ол тек АПЛ-де ғана есем дүние жүзіндегі К.Роналду, З.Зиданнан кейін үшінші орында тұр

Эдин Джеко «Вольфсбургтан» «Манчестер Ситиға» Бундеслигада “Вольфсбургті” алға сүйреп жүрген ойыншылардың бірі. Бірақ, ол командада қанша сәтті өнер көрсетсе де,  жұмыс орнын ауыстырғысы келетінін былтырдан бері бұқара халыққа жария еткен болатын. Ең алғаш болып Босния құрамасының шабыуылшысына көз тіккен туриндік «Ювентус» болатын. Дегенмен, Клаудио Раньери бұл жігітке қанша қызықса да, сатып алу үшін қалталары көтермеді ме әлде, басқа себептер болдыма, әйтеуір, турмндік команда Эдинге қолтары жете алмады. Есесіне, биылғы жылдағы алғашқы трансферлік есік ашылған сәттің өзінде-ақ «Ман Ситидің» иегері, шейх Мансүр Бин Зайед  бұл жігіт үшін қомақты соманы аямай, Роберто Манчинидің қол астына керемет шабуылшыны алып берді. Бұд әмебебап шабуылшысы. Допты керемет сезіне алады және гол соғатып мүмкіндіктердің басым көпшілігін мүлт жібермейді. Қорыта айтқанда, Джеко АПЛ-де ойнау үшін барлық жағынан тура келеді. Егерде ол Тевеспен жылдам сөз табысып кетсе, қарсылас командаларынан айтарлықтай қауіп төндіретіні анық. Эммануэель Адебайор «Манчестер Ситиден» «Реалға» Гонсало Игуаин жарақатына байланысты маусым соңына дейін алаңға шыға алмайтындықтан, Карим Бензема соңғы кездері мазасыз ойнап жүргендітен, желтоқсан айының басынан бастап, жаңа шабуылшы табу жұмысымен Хорхе Вальданоға қарағанда  Жозе Моуринью басын көп ауыртқан сыйайы бар. Шынында, мадридтік команда сапында азуылы шабуылшы жоқ. Бұл кемшілікті толықтыру үшін португалдық бапкер Криштиану Роналду да орталық шабуылшы рөліне қойып та көрген болатын. Десе де, Роналду орталық шабуылшы емес екені анық. Сондықтанда, Жозе бапкер алдымен Руд ван Нистелройды қайта мадридке келуді ұсыеған болаты. Бірақ, Руд Корольдік клубқа өзі келгісі келмеді ме жоқ әлде, «Гамбург» басшылары бұл шабуылшыны жібергісі келмеді ме, несі керек жеме-жемне келгенді голландиялық шабуылшы «Реалға» өтпеді. Содан кейін «Реал» 26- жасар Того елінің және «МС»  командасының орталық шабуылшысы  Эммануэель Адебайорға құда түсті. Манчестерлі команда да Адебайор өзіне тән ойын өрнегін косете алмағандықтан, сонымен қатар ағылшын командасынынң сапын Эдин Джеко сынды жоғары классты шабылшы келгеннен соң, Р.Манчини тоголық жігітті қарсыласпай-ақ, мадридке аттандырып жіберді.  Енді Эммануэель Испанияның маңдайалды командасының сапында маусым соңына дейін өнер көрсетеді. Егерде, бұрынғы «Арсеналың» «МС-дің» шабуылшысы «Реал» сапында жақсы ойынымен көзге түсіп жатса, онда келер маусымда Флоренти Перес бұл жігітті 15 млн долларға толық қанды атып алуы әбден мүмкін. Антонио Кассано «Сапдориядан» «Миланға» Миландық команда бразилиялық плеймейкер Роналдинюмен қош айтысқан соң, қатарларына қандайда бір пайдасы тиетін ойыншы алған секілді. Айтседе, Кассано   «Сапдориядан» өз еркімен кетпегені белгілі. Ф.Тотти, Александро дель Пьеро сынды өте қызу қанды ойыншы,  өзінің бұрынғы командасының перзиденті  Риккардо Гарроне тарапына жағымсыз әңгіме айтып, соның нәтижесінде клуб басшысы Кассаноны бірден-ақ  камандадан сатылатын ойыншылардың көш басына қойған болатын. Ал, қазір Антонио «Миланның» намысын қорғап, бірінші ойындарын да өткізіп үлгерген. Ол, Ибрагимовичпен тез сөз табысып та кетті. Егерде, Кассано өзінің қытымыр мінезін көрсетпесі «Милан» сапында керемет өнер көрсете алады деген сенімдемін. Марк ван Боммель «Бавариядан» «Миланға» «Милан» жасы ересек, тәжірибелі ойыншыларға жылулық танытатын команда. Сондықтан да, ван Боммельді алғанына таңғалудың еш қажеті жоқ. Марктің жасы Гаттузодан, Пирлодан үлкен болса да ол өз деңгейінді әлі 2-3 маусым өнер көрсетіп, миландық команданың орталық алаңдағы бәсекелестікті арттыратыны анық. Бұйра шашты жігіттің басты көзірі: қарсыластарынан допты тартып алумен қатар алаңдағы ойын барысын жітік бақылап, керемет пастар шығара алатындығында, Урби Эмануэельсон «Аякстан» «Миланға» Италиялық команда трансферлік базарда өте белсенділік танытты. Соның ең жемісті нәтижелерінің бірі  Урби Эмануэельсонді өз қатарларына қоуы. Бұл жігіт алғаш рет 2002-жылы өз елінде өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жасындай жарқылдап, көпшлік қауысның көзіне түскен ьолатын. Ол, ойыншылық ғұмырын оң қаптал қорғаушысы ретінле бастап, «Аякс» сапында оң қаптал жартылайқорғаушысы қызметіне ауысқан. Бірақ, Урби керек кезде қазірде қорғаныста ойнай алады. Сондықтанда «Милан» бқл ойыншыны соңғы кездері жарытып ойынай алмай жүрген Антонини, Абате қатты жарақат алған Д.Дзамброттанын орынан алған. Басқа да трансферлі ауысымдар тізімі:
Ойыншы Қайдан Қай командаға өтті
Луис Суарес Аякс Ливерпуль
Деррент Бент Сандерленд Астон Вилла
Андреа Раноккья Дженоа Интер
Лука Тони Дженоа Ювентус
Стивен Пиенаар Эвертон Тотенхем
Жан Макун Лион Астон Вилла
Райан Бабель Ливерпуль Хоффенхайм
Мартин Демикелис Бабария Малага
Уго Алмейда Вердер Бешикташ
Род Фани Ренн Марсель
Сисинью Рома Вильяреал
Луис Густава Хоффенхайм Бавария
Жулио Баптиста Рома Малага
Симау Атлетико Бешикташ
Роке Санта Крус МС Блэкберн
Уэйн Бридж МС Вест Хем
Диего Буонанатте Ривер Плейт Малаг
Шолу жасаған Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×