«Эвертон» футболшысы жас балаға жыныстық қысым көрсетті деген айыппен тұтқындалды

20.07.2021, 19:31
«Эвертон» бұл футболшыны командадан шеттетті.
«Эвертон» футболшысы жас балаға жыныстық қысым көрсетті деген айыппен тұтқындалды

"Эвертон" футболшысына балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды. Ал "Эвертон" өз кезегінде бұл ойыншыны тергеу аяқталғанға дейін командадан шеттетті. Күдіктінің 31 жаста және үйленгені белгілі - бұл сипаттамаға екі футболшы - Фабиан Делф пен Гильфи Сигурдссон ғана сәйкес келеді.

"Эвертон" бірінші құрамдағы ойыншыны тергеу аяқталғанға дейін командадан шеттеткенін растай алады. Клуб тергеу барысында билікке қолдау көрсетуді жалғастырады және қазіргі уақытта ешқандай мәлімдеме жасамайды", - делінген команданың ресми сайтында.

Ал Daily Mail порталы 16 шілдеде Манчестер полициясы бір футболшыны қамауға алып, оның үйін тінтіп, бірнеше затты тәркіледі деп хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×