Евгений Шикавка «Шахтерға» ауысты

17.07.2021, 23:07
Футболшы «кеншілер» сапында 99-нөмірмен ойнайды.
Евгений Шикавка «Шахтерға» ауысты

«Шахтер» футбол клубы белоруссиялық шабуылшы Евгений Шикавкамен келісім-шартқа отырды.

Шикавка қарағандылық клубқа «Динамо Минск» сапынан келіп қосылды. Сонымен қатар ол БАТЭ, «Полоцк», «Слоним», «Славия Мозырь», «Крумкачы», «Слуцк» және кипрлік «Лариса» клубтарында доп тепкен. Шикавка жаңа командасында 99-нөмірмен ойнайтын болады.

Евгений жалпы Белоруссияның жоғарғы лигасында 123 матчқа қатысып, 30 гол соқты. Сондай-ақ футболшының Белоруссия құрамасында өткізген екі ойыны бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×