УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтетін қалалардың тізімін жариялады

17.07.2021, 22:58
Осы жылғы финалдан қағылған Стамбул 2022/2023 жылғы Чемпиондар лигасының шешуші матчын қабылдамақ.
УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтетін қалалардың тізімін жариялады

УЕФА Атқарушы комитеті Чемпиондар Лигасының финалы өтетін стадиондарды анықтады.

Сонымен, бастапқыда Мюнхенде өтуі тиіс болған 2022/2023 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының шешуші кездесуі Стамбулда (Түркия) өтеді. УЕФА 2021 жылғы Чемпиондар Лигасының финалын пандемиялық жағдайға байланысты Стамбулдан Портуға ауыстырғандықтан осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды.

Алайда, УЕФА Мюнхенді бұл тізімнен алып тастаған жоқ: 2024/2025 жылғы финал Германияда өтетін болады.

2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасының шешуші матчы Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтсе, жаңадан шымылдығын түргелі жатқан алдағы маусымның финалы Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренада" өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×