Эвра: «Заханың «Манчестер Юнайтедтегі» мансабын қауесет әңгімелер бұзды»

20.09.2020 08:19 АПЛ

Заха кешегі өткен ойында «МЮ» қақпасына 2 гол соқты.

Эвра: «Заханың «Манчестер Юнайтедтегі» мансабын қауесет әңгімелер бұзды»

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра Sky Sports-қа сұхбат беріп, шабуылшы Вильфрид Заханың «Юнайтедте» неге ойнамағанын айтты.

«Манчестер Юнайтедтегі мансабын бұзған нәрсе есімде: Дэвид Мойестің қызымен шынайы немесе ойдан шығарылған роман. Маусымның басында ол әр матчта ойнады, бірақ жаттықтырушының қызы туралы жаңалық шыққан кезде Заха ойыннан шығып қалды, жай ғана жоғалып кетті», - деді Эвра

2013 жылы Заха Дэвид Мойестің қызымен кездескені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Кот-д’Ивуарлық шабуылшыны "манкунияндықтар" 11,7 миллион еуроға сатып алды, бірақ «Юнайтед» сапында тек төрт кездесу өткізді.

Кеше Англия Премьер-лигасының 2-туры матчында «Манчестер Юнайтед» Лондонның «Кристал Пэласынан» жеңіліп қалды. Кездесу Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионында өтіп, 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Заха дубль авторы атанды.

0 пікір