Самат Смақов: «Маған ойынды сатып алу үшін жарты миллион доллар ұсынды»

20.09.2020, 13:12
Қазіргі уақытта төрешімен келіссең болды, ойынның тағдырын кез-келген уақытта өзгерте алады.
Самат Смақов: «Маған ойынды сатып алу үшін жарты миллион доллар ұсынды»

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов өзінің бір сұхбатында жарты миллион долларлық келісілген ойынға қатысуға ұсыныс түскенін мойындады.

Капитанның айтуы бойынша ақша құны аз болмаған – жарты миллион доллар. Ұлттық команда немесе клубтық деңгейдегі ойын екендігі толық айтылмады.

«Олар менімен байланысып жарты миллион доллар ұсынды. Бізден ойынды сатуды сұраған жоқ, тек белгілі нәтижеге ойнауымыз керек еді. Біздің футболда әрдайым осылай болған: ұтылдың – сатып алды, ұттың – сатып алдың. Бұл тек біздің футболда емес, барлық елдің чемпионаттарында кездеседі» – деді экс-футболшы.

Самат Смаков өзінің футболшы мансабын 2017 жылы аяқтаған. Алдыңғы екі маусымда 41 жастағы экс-футболшы «Ақтөбе» клубында директор болып жұмыс атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×