Fair play ережесіндегі гол (Видео)

14.03.2015, 20:57
Fair play ережесіндегі гол (Видео)
Түркия чемпионатындағы «Касымпаша» мен «Коньяспор» кездесуінде қызық оқиға орын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ». Матчтың 19-шы минутында «Касымпашаның» ойыншысы Райан Бабел жарақат алып қалған соң, «Коньяспор» футболшылары ойынды тоқтата қойған. Дегенмен «Касымпаша» ойыншылары шабуылын тоқтатпай, гол соғып кетті. Осыдан соң алаң иелерінің бас бапкері Шота Арвеладзе fair  play аясында өз шәкірттеріне гол жіберуді талап етті. Ал матч 2:1 есебімен «Коньяспордың» пайдасына шешілді. Бұл ойыннан кейін Шота Арвеладзе орнынан кететінін мәлім етті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×