Пепе Рейнаның ерекше рекорды

15.03.2015, 16:39
Пепе Рейнаның ерекше рекорды
«Баварияның» қақпашысы Пепе Рейна «Вердерге» қарсы ойында алаңға шығып, Бундеслигадағы алғашқы матчын өткізді. Осылайша испаниялық голкипер үздік төрт лигада ойнаған алғашқы қақпашы атанды. Дәлірек айтқанда, Рейна – Испания, Англия, Италия және Германия чемпионаттарында ойнаған алғашқы голкипер. Спорттық мансабын Испанияда бастаған болатын ол. «Барселона» мен «Вильярреал» сапында Ла Лигада жүзден астам матчқа қатысты. Кейін 2005 жылы «Ливерпульге» ауысып, Премьер-лигада 284 ойында алаңға шыққан. Былтырғы маусымда Рейна италиялық «Наполидің» жейдесін киіп, А Сериясында 29 матчқа қатысты. Ал жазда қақпашы германиялық «Баварияға» ауысқан болатын.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×