Фарер аралдарының Roysni.fo сайты Қазақстан құрамасымен қарсы өтетін матч қарсаңында қос команданың футболын салыстырып, ел чемпионатындағы клубтардың қаржылық мүмкіндігіне назар аударды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Басылым Қазақстан құрамасының Фарер аралдары үшін мүлде бейтаныс қарсылас емес екенін атап өтті. Өткен жылдың қарашасында өткен жолдастық кездесуде Фарерліктер Қазақстанды 1:0 есебімен жеңген. Сол ойында Йоаннес Бьярталида да алаңға шыққан. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының 28 ойыншысының 23-і ел ішіндегі чемпионатта өнер көрсететіні жазылған.
Roysni.fo мәліметінше, FIFA рейтингінде Қазақстан Фарер аралдарынан 12 саты жоғары орналасқан. Материал жарияланған кездегі рейтингте Қазақстан 111-орында болса, Фарер аралдары 123-сатыда тұр.
Екі елдің ішкі чемпионаттары да UEFA рейтингінде салыстырылған. Соңғы бес жылдағы Еурокубок нәтижелеріне негізделетін көрсеткіш бойынша Қазақстан Премьер лигасы 38-орында, ал Фарер аралдарының чемпионаты 41-сатыда орналасқан.
Фарерлік журналистер Қазақстан құрамасында жергілікті чемпионатта ойнайтын футболшылардың көп болуының себептерінің бірі ретінде елдегі бірқатар клубтардың қаржылық мүмкіндігін атаған. Атап айтқанда, «Қайрат» пен «Астана» бұған дейін Чемпиондар лигасының топтық немесе негізгі кезеңдерінде өнер көрсеткені атап өтілді.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті кездесуін 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Ал 6 қазанда қарсыластар Қазақстанда қайта кездеседі.