Қазақстанның Еуро-2028 іріктеуіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды

24.09.2026, 17:25

Қазақстан құрамасының 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды. Бұл — Football Meets Data жүргізген себеттердің болжамды құрамына негізделген симуляция нәтижесі, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстанның Еуро-2028 іріктеуіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды

Модельдеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы шартты түрде Н тобына түсіп, Франция, Польша және Черногория құрамаларымен бір топқа түсуі мүмкін. Бұл төрт командадан тұратын топтардың бірі болмақ. Мұндай топтардағы іріктеу матчтары 2027 жылдың қыркүйегінде басталады. 

Алайда бұл жұптар мен топтардың әзірге ресми емес екенін атап өткен жөн. Нақты жеребе 2026 жылғы 6 желтоқсанда Белфастта өтеді. Командалардың себеттердегі орны 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының қорытынды нәтижелеріне байланысты анықталады. 

Еуро-2028 іріктеуінің жаңа форматы бойынша командалар төрт немесе бес құрамадан тұратын 12 топқа бөлінеді. Топ жеңімпаздары және ең үздік сегіз екінші орын иегері Еуропа чемпионатының тікелей жолдамасына ие болады.

Қалған төрт жолдама 2028 жылдың көктемінде өтетін плей-офф арқылы сарапқа салынады. Оған негізгі іріктеу кезеңінен өте алмаған, бірақ Ұлттар лигасында топ жеңімпазы атанған ең үздік командалар қатыса алады. 

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы нәтижесі де Еуро-2028 жолындағы маңызды факторлардың бірі болмақ. Өйткені қазіргі жүйеде Ұлттар лигасындағы нәтиже команданың іріктеу жеребесіндегі себетіне тікелей әсер етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×