«Фиорентина» шабуылшысы Федерико Кьеза Туриндік «Ювентус» клубына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
«Ювентус» сатып алу құқығымен ойыншыны екі жылға жалға алды. Туриндік клуб жалдау шарты бойынша бірінші жылы 2 миллион еуро, ал екінші жылы 8 миллион еуро төлейтіні туралы хабарланды. Ойыншының трансферлік құны 40+10 миллион еуроны құрайды.
22 жастағы Кьеза - "Фиорентинаның" түлегі. Өткен маусымда шабуылшы Италия чемпионатының 34 матчына қатысты (31 - негізгі құрамда), онда 10 гол соғып (біреуі пенальтиден), алты нәтижелі пас берді, сондай-ақ жеті сары қағаз алды. 2018 жылдан бастап Кьеза Италия құрамасына шақыртылып, құрама сапында 19 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET