Фэйт Обилор: «Жақын арада Қазақстанға оралатын шығармын»

05.12.2021, 19:02
Қорғаушы «Тараздың» өткен маусымдағы ең үздік ойыншысы атанған еді.
Фэйт Обилор: «Жақын арада Қазақстанға оралатын шығармын»

«Тараздың» нигериялық қорғаушысы Фэйт Обилор клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында маусымды қорытындылап, жамбылдық клубқа қайта оралу мүмкіндігі туралы айтты.

- Спорт басылымының нұсқасы бойынша команданың үздік ойыншысы деп танылуыңызбен құттықтаймын.

- Рахмет, бұл үшін өте қуаныштымын және маған сенген жандарға алғысымды білдіремін. Бұл ретте біздің команданың ойынына бірнеше ойыншылар өз әсерін тигізді деп ойлаймын.

- «Тараз» клубындағы өміріңіз қалай өтті?

- Мен «Таразда» өте жақсы уақыт өткіздім, маған айналамдағы адамдар мен керемет атмосфераны құрған жанкүйерлер ұнады.

- Клубтағы жағдай көңіліңізден шықты ма?

- Жалпы, бәрі жақсы. «Тараз» клуб ретінде өз көрсеткішін жақсартты, өйткені өткен маусымның басында біз қарапайым клубтың турнирлік кестенің басында тұра алатынын дәлелдедік.

- Кейбір инсайдерлер сізді клуб басшыларының өтірігі үшін және жалақыны төлемегені үшін «Тараздан» кетті деп жатыр? Клубтан кетуіңіздің нақты себептері қандай?

- Мен Нигерияда өмір сүретін отбасыма келдім, өйткені «Таразбен» келісім-шартым бір жылға ғана жасалған еді. Клуб басшылығы мәселе туындаған кезде бізбен ашық сөйлесті. Ешкім өтірік айтпайды, бізде тараптардың қол қойған нақты келісім-шарты бар.

- «Таразбен» келісім-шартыңыз аяқталды. Сіз мансабыңызды қай жерде жалғастырғыңыз келеді және қандай ұсыныстар түсіп жатыр?

- Шынымды айтсам, қазір сәл демалғым келеді. Бірақ жақын арада барлық ұсыныстарды сараптап, ең жақсысын таңдайтын боламыз.

- Мансабыңызды «Таразда» жалғастыру мүмкіндігі бар ма?

- Әрине. Клуб басшылығы маған жақсы ұсыныс жасаса, жақын арада Қазақстанға оралатын шығармын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×