«Шахтер» клубы логотипін өзгертпек

05.12.2021, 20:38
Жанкүйерлердің назарына екі нұсқа ұсынылды.
«Шахтер» клубы логотипін өзгертпек

Қарағандылық «Шахтер» клуб логотипін өзгерту туралы шешім қабылдады.

«Шахтердің» баспасөз қызметі екі нұсқаны жанкүйердердің назарына ұсынып, дауыс беру арқылы соңғы шешімді шығаратын болады.

Бірінші ұсынылған нұсқада алдыңғы эмблемадағы нышандар сақталған. Атап айтқанда: қара үйінді – Қарағанды ​​қаласындағы тау-кен өндірісінің символы; қос қапталдағы белгілер жеңіс пен бейбітшілікті білдіреді; ал доп футболдың символы болып табылады.

Жаңа логотиптің екінші нұсқасы заман талабына сай жасалған. Логотиптің тірегі ретінде клуб атауының бірінші әрпі алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×