«РБ Лейпциг» бас бапкерін қызметінен босатты

05.12.2021, 22:10
Клуб маусымның алғашқы жартысын сәтсіз өткізді.
«РБ Лейпциг» бас бапкерін қызметінен босатты

«РБ Лейпциг» бас бапкер Джесси Маршты қызметінен босатты. Тараптар өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

48 жастағы америкалық маманның жетекшілігімен «РБ Лейпциг» маусымның бірінші жартысында сәтсіздікке ұшырады. 14 тур бойы «бұқалар» небәрі 18 ұпай жинап, Германия чемпионатының турнирлік кестесінде 11-ші орында тұр.

Джесси «РБ Лейпциг» клубына осы маусымның басында келген болатын. Америкалық бапкер оған дейін австриялық «РБ Зальцбург» командасын жаттықтырған еді.

Бұған дейін спорттық басылымдар «Спартактың» экс-тәлімгері Доменико Тедесконың гермениялық клубты тізгіндеуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×