“Фенербахче” Түркия Суперкубогын кездесуінің өтуіне кедергі келтірмекші

Команда ішкі чемпионатпен қоштасу үшін осындай шараға бармақшы.

“Фенербахче” Түркия Суперкубогын кездесуінің өтуіне кедергі келтірмекші

Команданың осындай шешім қабылдауына “Трабзонспор”фанаттарымен жаппай төбелес әсер еткен. Ajansspor сайты жазғандай, “Фенербахче” командасы “Галатасарайға” қарсы Суперкубок кездесуінде наразылық шараларын қолданбақшы екен. 

Ол қалай болмақ? Клуб алаңға әдейі 9 ойыншы шығарады. Төреші ысқырығы шалынып, матч басталған кезде қосымша 3 ойыншы түрлі себептермен алаңнан кетуге әрекет жасайды. Бірі жарақат алса, енді бірі қызыл қағаз алып, кездесудегі орнын босатады. 6 футболшымен қалған командаға техникалық жеңіліс есептеледі. 

Бұндай қарсылық әрекеттерінің барлығы команданың Түркия чемпионатынан шығарылуына себеп болуы тиіс. 

Тразонда болған жағдайдан кейін “Фенербахче” клубының ресми өкілдері түрлі чемпионаттарға өз ұсыныстарын жасап көрген болатын. Оның ішінде Еуропаның топ-5 лигасы бар. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×