ҚПЛ командасының құрамы бразилиялықпен толықты

05.04.2024, 18:57

"Жетісу" командасы 25 жастағы қорғаушы Эливелтонмен келісімге келді.

ҚПЛ командасының құрамы бразилиялықпен толықты

Ойыншы сол қаптал қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Бұған дейін тек отанында доп тепкен Эливелтонға бұл алғашқы сырт мемлекеттегі тәжірибе болып отыр. 

Бразилияның Лига Баияносында бақ сынасып жатқан “Итабуна” командасында қорғаушы барлығы 10 ойын өткізді. 

ҚПЛ 2-турының қорытындысы бойынша 3 ұпай жинаған “Жетісу” турнирлік кестеде 9 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×